Жәдігер • 10 Сәуір, 2025

Мұражайдағы ғасырлық үстел

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына 100 жыл толады. Осыдан ғасыр бұрын ел байтағының Орынбордан Ақмешітке келіп орныққан кезінің куәгерлері саналатын жәдігерлер көп емес. Соның бірі – «Ұлағат» жеке мектебінің музейінен орын тепкен көне үстел.

Мұражайдағы ғасырлық үстел

Белгілі қаржыгер Қал­­қазбек Әжі­бе­ков бұл тарихи­ жә­дігерді алғаш рет со­­­нау­ 1988 жылы кө­ріпті. Сол тұста ­Ұлт­тық банк­тің ша­руа­шылық жөнін­дегі бас­шыларының бі­рі­нің ка­бинетіндегі үл­кен оюлы үстелдің тари­хын да сұраған екен. Қа­зақ АКСР Мемлекеттік банк­тің алғашқы басшы­сы пай­даланған бұл жиһаз ас­тана Орынбордан Қызыл­ор­да­ға көшкен 1925 жылы келген мүлік болып шығыпты.

Кейіннен облыстық қар­жы басқармасы «Қаржы органдарына – 80 жыл» деп аталатын музей ашқан­да құнды мұраға іздеу салады.

«Мұражайға жан-жақ­тан экспонат жинау бас­талғанда осы үстелді сұ­рауға Ұлттық банкке бардым. Бірақ баяғы каби­нет­тен бұрынғы көрген жиһазым табылмады. Сұрастырып жүріп жарамсыз болып сарайда жат­қан жерінен Қызылордаға әкелдім», дейді Қалқазбек Әжібеков.

Біраз жылдан кейін Қызылордадағы қаржы­гер­­лер музейі де жабылып,­ жәдігер қайтадан қоймаға жол тартқан екен. Бертінде жеке мектеп ашқан қар­жы­гер­ құнды мұраны ұстаға жөндетіп, музей төріне қояды.

 Осылайша, тарихи жә­ді­гер жаңа жай тауыпты.

 

Қызылорда