Алматы • 10 Сәуір, 2025

Қытайлық инвестор Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт салады 

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co., Ltd компаниясының президентімен  Лонг Цзишэнмен $270 млн-ға қоқыс өңдеу зауытының құрылысын талқылады, деп жазады  Egemen.kz.

Қытайлық инвестор Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт салады 

Кәсіпорында тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңделіп, 60 МВт электр қуаты өндіріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80% -ға дейін жеткізеді. Құрылысты 2025 жылдың күзінде бастау жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта үкіметпен инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі пысықталуда»  дейді Алматы әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, жобаның бас мердігері болып CRCC мемлекеттік корпорациясының еншілесі болып табылатын China Civil Engineering Construction Corporation анықталды.

Бұдан басқа, қытайлық инвестор кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік оқу орталығын құруға ниетті. Ол Қазақстан, Орталық Азия, Моңғолия, Иран және Ауғанстан елдерінің жас мамандарын оқытуға бағытталады.