Үкімет • 12 Сәуір, 2025

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің іргетасы

70 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кеше Сенатта заң білімін дамыту тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтіп, іс-шара барысында депутаттар мен сарапшылар мүдделі тараптармен бірге сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуе­тін нығай­ту, сондай-ақ заң шы­ғару қызметінің сапасын арттыру мәсе­ле­лерін тал­қылап, осы бағыт­тағы ұсыныс-пікірлерін айтты.

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің іргетасы

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев кәсіби заңгерлердің біліктілік деңгейі қоғам мен мемлекеттің барлық саласына тікелей әсер ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында адам капиталын дамыту, білім берудің заманауи үлгісін қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа форматтағы кадрларды кешенді даярлау маңызды міндет екеніне баса мән берді. Парламент Сенаты аталған басым бағыт­тар­ды іске асыру аясында мүдделі тараптармен бірлесіп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде, Құқықтық білім беруді дамыту тұжырымдамасы әзірленді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға ба­ғытталған бастамалар мен жобаларға әр­дайым баса мән беріп келеді. Бұл бағытта ауқым­ды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі парламенттік тыңдау да – осы кешенді жұмыстың аясындағы маңызды қадамның бірі. Қозғалып отырған тақырып – қазіргі таңда өте өзекті. Сондықтан осы саладағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын бірге талқылап, жұмыла әрекет етудің маңызы зор», деді палата спикері.

Сонымен қатар М.Әшімбаев бірқатар маңызды проблемаға назар аударып, оларды оңтайлы шешу үшін қолға алынған жұмыс­ты жан-жақты пысықтау және озық халықара­лық тәжірибені тыңғылықты зерделеу қажет екенін айтты. Бұл ретте еңбек нарығын­дағы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкес­сіздіктің болуы және білікті заңгерлердің тапшы­лығы өте өзекті. Мысалы, бүгінде заң сала­сын­дағы мамандардың мөлшері болжамды сұ­раныс­тан тоғыз есе жоғары болып отыр. Қа­лып­тасқан осындай ахуалды жақсарту үшін мем­лекеттің, жұмыс берушілердің және білім беру мекемелерінің үйлесімді жұмысы қажет.

«Мемлекет басшысы «Заң және тәртіп» қағидаты құқықтық мемлекеттің іргетасы екенін үнемі айтып келеді. Білікті заңгерлерсіз жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениет қалыптастыру мүмкін емес. Алайда қазір елімізде заңгерлер даярлау ісінде қордаланған проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Соның бірі – жұмыс берушілерге қажетті мамандар мен оқу бітірген жас мамандардың саны арасында сәйкессіз­діктің болуы. Сондай-ақ еңбек нарығында білікті заңгерлердің жетіспейтіні де белгілі. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін нақ­ты тетіктерді қолға алуымыз қажет. Сонымен қатар құқықтық білім беру ісінде инновациялық тәжірибелер мен тәсілдерді енгізудің де берері мол. Бұл ретте үдерістерді цифр­ландыруға және жасанды интеллект техноло­гияларын қолдануға баса мән берген жөн. Кадр даярлау мәселесі құқықтық актілер мен заң жобаларын әзірлеу сапасына тікелей әсер ететінін естен шығармауымыз керек», деді М.Әшімбаев.

Білім және ғылым саласының өкіл­дерін алаңдататын пробле­ма­лар­дың қатарында білім алушы­лардың сауаттылық деңгейі­нің төмен­дігі, ғалымдардың еңбегі­не төленетін ақының мар­дым­сыз болуы сияқты түйткілдер бар. Бұған қоса парламенттік тыңдауда мемлекеттік жоғары оқу орындарының жеткіліксіз қаржы­ланды­ры­луына қатысты мәселелер, жоғары оқу орын­дарын­дағы профессор-оқыту­шы­лар құрамы жүргі­зе­тін ғылы­ми жобалар мен зерттеулерді қолдау ша­раларының тиісті дең­­гейде болмауы, сон­дай-ақ қа­жетті материалдық-техни­ка­лық қам­тамасыз етудің көңіл көншітпейтіні айтылды.

Іс-шара барысында заң сала­сының кәсіби стандартын әзірлеу мен бекітудің маңызы да ерекше аталып өтті. Түлектердің құ­қық­тану салалары бойынша тәжі­рибелік жұмыс дағдылары мен мамандану мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Тыңдау ая­сында айтылған ұсыныс­тар мұқият зерделеніп, соның нәти­жесінде тиісті ұсынымдар әзір­ленеді және ол Үкіметке жолданады.

Парламенттік тыңдауға қа­тыс­­қан Әділет министрі Ерлан Сәр­сембаев әділет органдары мем­лекет қызметін құқықтық қам­та­масыз етуді жүзеге асыра оты­рып, заң білімін дамыту мен мемлекеттік органдардың заң қызмет­терін жетілдіруге атсалысып жатқанын айтты. Соның ішінде бірінші бағыт, яғни заң білімі саласындағы мәселеге ар­найы тоқталып, қазіргі жоғары бі­­лім­­нің үш деңгейлі жүйесі ба­ка­­лавр және магистр дәреже­лері бо­йын­ша білім беру бағыт­тары­ның мін­детті түрде өзара бай­ла­нысты болуын талап етпей­ті­нін жеткіз­ді. Оның айтуын­ша, бе­йін­ді емес жоғары білімі бар тұлға «Құқық» бағыты бойынша ма­гис­тратураға түсе алады және оны аяқ­таған­нан кейін жоғары заң біл­імі бар адам болып саналады.

«Мысалы, техникалық маман­­дық бойынша (инженер) 4 жыл оқыған студент «Құқық» бо­йынша бір жылдық магистратура курсынан өтіп, өз бағытын түбегейлі өзгертіп, нәти­жесінде заңгер болып шыға келеді. Демек, мемлекеттік қызметкер ретінде норма шығаруға тікелей қатыса алады немесе сотта адвокат ретінде азаматтардың құқықтарын қорғай алады. Бұл ретте білім туралы заң «Құқық» бағыты бойынша жеке магистр дәре­же­сін толыққанды жоғары заң біліміне теңес­тіруге бола ма, жоқ па деген сұраққа нақты анық­тама бермейді. Осы орайда бұл мәсе­лені құқықтық нақтылықты қамтамасыз ету тұр­ғы­сынан пысықтау, сон­дай-ақ «Құқық» бағыты бойын­ша бакалавриат пен магис­тратура ара­сын­дағы тікелей байланысқа қойылатын талаптарды белгілеу орынды деп санаймыз», деді ол.

Іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, осы саладағы белгілі ғалымдар Зәуреш Баймолдина мен Исидор Борчашвили және еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының ректорлары мен сарапшылар да сөз сөйлеп, ойын ортаға салды.