Заң мен Тәртіп • 12 Қараша, 2025
Құқықтық сауат – қылмысқа тосқауыл
Халықтың құқықтық санасы жетілген сайын қоғамдағы заңға қайшы әрекеттердің аясы тарыла беретіні – ақиқат. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ел ішінде түрлі заңсыздыққа жол берілді. Бірақ соның бәріне тұсау салатын кез келді. Өйткені бүгінгі қоғам – заң мен тәртіпке бас иген, құқықтық сауаттылыққа мүдделі.
Саясат • 11 Қараша, 2025
Стратегиялық серіктестік нығая түседі
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық – ежелден қоңсы қонған екі мемлекеттің біртұтас тарихи тамырластығының жарқын үлгісі. Тәуелсіз мемлекеттер барлық салада өзара құрмет пен достыққа құрылған тең құқылы берік байланыс орнатқан. Бұл ықпалдастық бір-бірінің егемендігі мен азаттығын нығайтуға, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық өсімге септігін тигізіп отыр.
Саясат • 08 Қараша, 2025
Ырысты ықпалдастық пен байыпты байланыс
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған нәтижелі сапары аяқталды. Жылдың басты оқиғасының біріне айналған сапар екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара экономикалық-инвестициялық саланы кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық аренада еліміздің «Орта держава» ретіндегі рөлін арттыруға кеңінен жол ашты. Бұған – екі ел арасында 17 млрд долларға бағаланған келісімдер жасалғаны айқын дәлел.
Саясат • 07 Қараша, 2025
Ішкі саясат іргетасы – бірлік пен тұрақтылық
Тәуелсіздік алғалы бері еліміз саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғам бірлігін қамтамасыз етуді басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Заман жаңғырып, уақыт алға жылжыған сайын ішкі саясаттың да бағытын қайта тұжырымдау қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қоюы – елдің саяси жаңғыруының қисынды жалғасы әрі маңызды кезеңі.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
Сенаторлар екі заң жобасын талқылады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған бірқатар заңды қарады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру аясында депутаттық сауалдарын жолдады.
Форум • 06 Қараша, 2025
Жасанды интеллект – журналистиканың жаңа тынысы
Жасанды интеллект – бүгінгі заманның ең үлкен жаһан жаңалығы болуымен қатар, медиа саласының дамуына тегеурінді ықпал етіп отырған шешуші факторға айналды. Кейбір сарапшылар ЖИ журналистиканың жаназасын шығарады десе, өзгелері ақпарат тасқыны өрістеген дәуірдегі оның деректі саралау, жаңалықты жедел жеткізу, мәтін мен визуалды контентті автоматты түрде өндіру мен өңдеу мүмкіндігін алға тартып, масс-медиа жұмысына жаңа тыныс бергенін айтады. Кеше Астанада «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» деген тақырыппен басталған «Astana Media Week 2025» форумының бірінші күнінде осы өзекті тақырып пленарлық отырыстардың әңгіме арқауына айналды.
Саясат • 05 Қараша, 2025
ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық нығая береді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.
Заң мен Тәртіп • 31 Қазан, 2025
Бөтеннің мүлкі мен қаржысын жымқырып, қалтаға басу – ауыр қылмыс. Ал бұны қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтауға жауапты лауазымды тұлғалардың өздері жасап жатса, балықтың басынан шірігені. Өкінішке қарай, мұндай жайсыз жаңалықтан кенде емеспіз.
Саясат • 30 Қазан, 2025
Мәдениет пен өнер саласындағы әріптестік
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яап Ора мырзамен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және Эстония Президенті Алар Каристің мемлекеттік сапары аясында Астанада өтетін бірқатар іс-шараны талқылады.
Үкімет • 30 Қазан, 2025
Археологиядағы жүйесіздікке шектеу бола ма?
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын талқылады, сондай-ақ түрлі сала басшыларына сауалдарын жолдады.