
Айбын • 01 Ақпан, 2025
Петропавл қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Васильевич Макиенко 99 жасқа толған туған күнін атап өтті. Ерлік пен адалдықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болған тарихтың тірі куәгерін құттықтауға қала әкімі Серік Мұхамадиев арнайы келді.
Айбын • 01 Ақпан, 2025
Топогеодезия – әскерді дәл бағыттайтын қызмет
Армияның қуаты – бомбалаушы ұшақтары мен артиллериясының, шабуылдаушы танкілері мен дрондарының көптігінде ғана емес. Қарулы күштер құрамында майдан даласында қолына қару алып жүрмесе де, әскердің дұрыс әрекет етуі үшін бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отыратын дербес бөліністер бар. Жедел жауынгерлік қамтамасыз етудің маңызды түрінен саналатын Топогеодезиялық қызмет – соның бірі.
Пікір • 30 Қаңтар, 2025
Әлеуметтік желіде мұсылман мемлекеттерінің ғылым мен білім дамуында артта қалуын діннен көріп: «Ислам бізді орта ғасырға сүйрейді», «Дін – қараңғы ін» деп пікір топшылаған постарды жиі көзіміз шалады. Қайсыбіреулердің ата-бабадан қалған рухани құндылықтарымызды аяққа таптап жатқанын көргенде жаның күйзеледі.
Заң мен Тәртіп • 25 Қаңтар, 2025
Жемқорлықпен күрес жалғаса береді
Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға алынған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, оның алдын алу, заң үстемдігі мен жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету – мемлекет алдында тұрған басты міндет.
Үкімет • 24 Қаңтар, 2025
Тәлімгерлік институтының рөлі күшейеді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, онда сенаторлар мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заңды қарады. Сонымен қатар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Музей • 23 Қаңтар, 2025
20 қаңтарда Ұлттық ұланның Астана қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімінің құрылғанына 64 жыл толды. Атаулы дата қарсаңында әскери бөлім аумағында қамауда отырған адамдарды айдауылдауға арналған вагон ішіндегі музей ашылды.
Әскер • 23 Қаңтар, 2025
Мерзімді әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынастардың, яғни әлімжеттік әрекеттерінің жолын кесу – Қорғаныс министрлігі басшылығының алдында тұрған басты міндеттің бірі. Қоғамды алаңдатқан бұл мәселе кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Әскери қызмет қауіпсіздігі: қауіп-қатер факторларын анықтау және жою шаралары» атты брифинг барысында кеңінен талқыланды.
Әскер • 17 Қаңтар, 2025
19 қаңтарда Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардың офицерлері Әскери тәрбиешілер күнін атап өтеді. Әскер – ең алдымен өмірлік тәрбие мектебі. Қолына қару ұстап, ант берген әрбір жауынгер ел мен жерді сүюдің, патриотизм мен рухани-адамгершілік құндылықтардың үлгісін паш етуге тиіс. Ал мұның бәрі әскери-патриоттық тәрбиенің арқасында бойға дариды.
Пікір • 15 Қаңтар, 2025
Ақтау маңында Әзербайжан әуе жолдарына (AZAL) тиесілі Embraer E190 ұшағының апатқа ұшырауынан кейін көпшілікті «Әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз?» деген сұрақ мазалап жүр. Елімізде ұшақтан бас тартып, билеттерін пойызға ауыстырып жатқан адам көп. Жұрттың бұл қорқынышы мен абыржуы қаншалықты орынды? Ұшақ шынымен өмірге қауіпті көлік пе?
Егемен Қазақстан • 14 Қаңтар, 2025
Фараби оқыған елмен ақпараттық байланыс
Ирак Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Жабер Абдулла әл-Темими бастаған елшілік өкілдері «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясына арнайы ат басын бұрды. Мақсаты – «Қазақ газеттері» серіктестігімен ынтымақтастық байланыс орнату. Оларды серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлы және серіктестіктің жауапты қызметкерлері қарсы алып, екіжақты кездесу өткізді.