Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
803 материал табылды

Ата заң • 27 Қаңтар, 2026

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Астанада Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы үш отырысы өтті. Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты былтырғы Жолдауы мен Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында берген маңызды тапсырмаларын орындауға арналған комиссия құрамына түрлі саланың өкілдері енген. Оған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жетекшілік етеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағаның орынбасарлары болып бекітілген.

Өшпес даңқ • 26 Қаңтар, 2026

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Павлодарда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мария Матюшинаны бір ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Талбесік • 23 Қаңтар, 2026

Африкадан Аралға дейін: Құм жұтқан көлдерді қайтсек құтқарамыз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Арал ахуалын тағы да тілге тиек етті. «Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды», дей келе бұл проблеманы халықаралық деңгейде көтеруге бағытталған жұмыс қолға алынғанын айтты. 

Құрылтай • 23 Қаңтар, 2026

Құрылтай бастамалары қандай өзгеріс әкеледі?

Қазақ тарихындағы Құрылтай жиындары қашанда ел ішіндегі айрықша бетбұрыс пен өзгеріске әкелген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған Ұлттық құрылтай отырыстары да сол дәстүрдің заңды жалғасы ретінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға түрткі болып келеді. Осы орайда біз бірқатар құрылтай мүшесіне «Бұл басқосу ел өміріне қандай өзгеріс әкеледі?» деген сұрақ қойып, пікірін білген едік.

Саясат • 23 Қаңтар, 2026

Еліміздің жаңа конституциялық моделі айқындалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата­ның отырысы өтіп, онда сенаторлар Ұлттық құрыл­тайдың V отырысында Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтарды іске асыру барысын талқылап, күн тәртібіне шығарылған халықаралық келісімдерді ратификациялады.

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Ел мерейін өсірген жиын

Әр тасы тарихтан сыр шертетін Сыр топырағында Қазақ елінің өткені мен бүгінін сараптап, ертеңіне айқын бағдар берген V Ұлттық құрылтай отырысы табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелері алдында сөз сөйлеп, ел алдында тұрған айтулы міндеттерді айқындап берді. Көпшілік көз тіккен жиынның жетістігі ел аузында жүр. Осыған орай біз бірқатар сарапшыны әңгімеге тартып, отырыс нәтижесіне қатысты бірер сұрағымызды қойған едік.

Президент • 20 Қаңтар, 2026

Конституциялық реформа: Елдің жаңа саяси тұрпаты

Кеше Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Айбын • 19 Қаңтар, 2026

Курсанттар 3500 метрлік шыңды бағындырды

Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы биіктігі 3500 метрді құрайтын тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Айбын • 19 Қаңтар, 2026

Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Астанадағы 5573 әскери бөлімде өткен ант қабылдау рәсімі бұл жолы ерекше бір сәтімен көптің жадында қалды. Сап түзеген 700-ден астам сарбаз арасынан қатардағы жауынгер Алмас Абдрахов салтанатты жиында сүйіктісіне тосынсый жасады, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 16 Қаңтар, 2026

Әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды

Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы, қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатына қатысып, 70 келіден аса салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика