Taza.kz
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
429 материал табылды

Саясат • Кеше

«Amanat» партиясы «Әділетке» қосылады

Астанада «Amanat» партиясының кезекті съезі өтіп, партия мүшелері мемлекетті дамыту бағытында атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылап, «Әділет» партиясына қосылу идеясын қолдады. Бұл шешім Мемлекет басшысының ел дамуының жаңа кезеңінде барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күшті жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде топтастыру туралы үндеуіне қолдау көрсету мақсатында қабылданды.

Заң мен Тәртіп • 12 Маусым, 2026

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Биыл жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елімізде кезекті рақымшылық науқаны жүргізілмек. Бұл науқан бұрынғылардан өзгерек болады. Оcы жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар ғана емес, әкімшілік баптармен істі болғандар да кешірімге ілігеді. Оны жүзеге асыру үшін арнайы заң әзірленіп, кеше Сенат отырысында мақұлданды.

Үкімет • 12 Маусым, 2026

Президент тапсырмасымен әзірленген заң мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев­тың төрағалы­ғымен кезекті палата отырысы өтіп, депутаттар бірқатар салалық заңды қарап, халықаралық келісімдерді ратифика­циялады.

Ата заң • 07 Мамыр, 2026

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

15 наурызда бүкіл қазақ қоғамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміздің басты құқықтық іргетасы – жаңа Ата заңды қабылдады. Президент айтқандай, бұл құжатты «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Негізгі заңның басты құндылықтарының бірі – мемлекетіміздің зайырлылық сипатын бекітуі. Бұл – мемлекет пен дін қатынасының теңгерімді, әділ әрі өркениетті үлгісін айқындайтын басты ұстаным.

Сұхбат • 07 Мамыр, 2026

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, армияны жаңғырту мен әскери әлеуетті дамыту – мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында бұл тақырып ерекше қоғамдық мәнге ие болып, әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен ел игілігі жолындағы қызметтің маңыздылығын айқындай түседі. Армияның қазіргі жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы, қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуы, бітімгерлік қызмет пен цифрландыру мәселелері туралы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен ҚОСАНОВТАН алған сұхбатымызда кеңірек сөз болды.

Егемен Қазақстан • 07 Мамыр, 2026

«Қазақ газеттері» басшылығы Иран елшісімен кездесті

Кеше «Қазақ газеттері» серіктестігіне Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Әли Әкбар Джоукар бастаған делегация келіп, ұжым басшылығымен кездесті. Басқосу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тату көршілік қарым-қатынас, тарихи-мәдени байланыстарды жандандыру, сондай-ақ ақпараттық әріптестікті нығайту мәселелері әңгіме арқауына айналды.

Әлем • 28 Сәуір, 2026

Тату көршіліктің асыл арқауы

Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын үзіліссіз құрлықтық шекара байланыстырады. Осы шекараның бойында Ресейдің он облысы мен бір өлкесі, сондай-ақ Алтай Республикасы еліміздің жеті облысымен иін тіресіп жатыр. Бұл аталған өңірлер арасында жан-жақты тығыз байланыс орнатуға берік негіз қалыптастырады.

Саясат • 16 Сәуір, 2026

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Жаңа Конституция – саяси институттарды жүйелі түрде жаңғырту және Қазақстанның заманауи әрі тиімді басқару үлгісіне көшу жолындағы тарихи қадам. Бұл жөнінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Айбын • 10 Сәуір, 2026

Шатқалдағы шайқас

Биыл Тәжікстанның Пяндж өзені бойындағы Пшихарв шатқалында болған қанқұйлы шайқасқа 31 жыл толды. 1995 жылы 7 сәуірде ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғауға аттанған отандық жауынгерлер содырлардың тұтқиылдан шабуы­лына ұшыраған еді. Күш тең болмаса да, сарбаздарымыз сын сағатта жанқиярлық танытып, жаудың екпініне тойтарыс бере білді. 17 жауынгер қаза тауып, 33-і түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Сенат • 10 Сәуір, 2026

Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады

Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, онда күн тәртібіне шығарылған заңдар қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.

Яндекс.Метрика