Ғалам ғажаптары • 16 Сәуір, 2025

Токио – шөгетін қала

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аспанмен таласқан алып ғима­рат­тары­мен әйгілі Токио ғасырлар бойы жер сілкінісі, цунами, тіпті жанар­тау атқылауына қарсы күресіп келе жатқаны аздай, енді тағы бір мәсе­ле­ге тап келді. Қала жыл сайын санти­метрлеп шөгіп бара жатыр.

Токио – шөгетін қала

Ғалымдардың есебі бойынша, Токио жылына 1-2 сантиметр шөгеді. Бұл аз болып көрінуі мүмкін, бірақ 10 жылда 15–20 см деген сөз. Өйткені қала астындағы жер­асты суларын шамадан тыс сорып алу жер қабатының тығыздалуына себеп болып отыр. Сондай-ақ Токио ғимараттары, метро жүйесі, көпірлер мен жолдар өте тығыз орналасқандықтан ауырлық жердің табиғи көтергіш қабілетін әлсіретіп жатыр. Қазір Жапония үкіметі арнайы жобалар жасап, шөгу үдерісін тоқтатуға тырысып жатыр. Бірақ табиғатпен текетірес оңай шаруа емес.