
Автобус жүргізушісі кенет есінен танып қалған сәтте, Диллон дереу орнынан тұрып, тежегішті басып үлгерген. Автобуста он шақты бала болған. Қызығы, ол балалардың арасында телефоны жоқ жалғыз оқушы екен. Сол себепті айналаға зер салып, қауіпті дер кезінде аңғарған. Әкесі: «Қолында телефоны жоқ бала адамдарға қарайды, айналадағы жағдайды бақылайды. Бұл – өмірді түсінуге көмектесетін, оны өзгертетін сабақ», дейді.