
Акушер-гинеколог Аманда Хесс өзі толғатып жатқанда, көрші палатадағы әйелдің айқайын естіп, көмекке асығады. Сөйтсе, босанып жатқан әйелдің баласы кіндігіне оратылып қалыпты, ал кезекші дәрігер жанында болмаған. Аманда медициналық халатын киіп, сабырмен әйелді аман-есен босандырып, ана мен сәбиді құтқарып қалады. Содан кейін палатасына барып, 2 минуттан соң өзі де сәбиін дүниеге әкеледі.