
Бұл – тек қазіргі біздің Отанымыз үшін емес, жалпы дамып келе жатқан бүгінгі әлем үшін де аса маңызды мәселе. Бағыты айқын, құндылықтары нақты ел ғана алға баса алады. Сондай-ақ Ассамблеяның басты ұстанымының бірі – өз халқына, өз туған жеріне пайдалы болу. Нағыз патриотизмнің негізі де – осы. Өйткені елге қызмет ету – азаматтық борыштың ең биік көрінісі.
Президенттің әрбір Ассамблея мүшесі, тіпті әрбір азамат – тәрбиелеуші рөлін атқарады деген пікірі де көңілге қонады. Өйткені қоғамның өзгеруі әркімнің өзінен басталады.
Шын мәнінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ел ұйысуының берік тірегі, татулықтың темірқазығы болып келеді. Ассамблеяның ең үлкен пайдасы – ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімді сақтау. Түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірінің мәдениеті мен тілін құрметтеп, ортақ құндылықтарды дәріптеп келеді. Бұл – бейбіт өмір мен өркендеудің бастауы.
Сондай-ақ ол ұлттық сананы жаңғыртатын, рухани мұраларды сақтайтын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын алтын көпір рөлін де атқарады. Тек этностар арасындағы диалогтің емес, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың да негізгі тетігіне айналды.
Президентіміз айтқандай, әрбір азамат – еліміздің болашағын қалыптастыратын тұлға. Ал Ассамблея осы жауапкершілікті терең сезініп, елге қызмет етудің үлгісін көрсетіп отыр.
Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ,
спортшы, төрт дүркін әлем рекордшысы