Кәсіпкер • 29 Сәуір, 2025

Ауыл тұрғыны тауықтан табыс тауып отыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тауық өсіру ісін қолға алған Еділхан Нұрғалиев Самар ауданы, Мойылды ауылының тұрғыны. Ауылда небәрі екі-ақ үй бар. Бүгінде құс шаруашылығымен айналысып, өнімдерін аудан, облыс орталықтарына саудалап отырған кәсіпкер ауылда мал ұстаудың қиындығын, ал тауық күтімі жеңіл әрі өнімді екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл тұрғыны тауықтан табыс тауып отыр

Жеке ісін бастаған еңбекқор азамат ауыл шаруашылығының дамуына да үлес қосып жүр.

– Құс шаруашылығымен айналысып келе жатқанымызға бес жылдан асты. Қазір қорада қаз, үйрек, күркетауық, тауық асырап отырмыз. Балапандарды инкубатор арқылы шығарамыз. Әрқайсы әртүрлі уақытта шығады. Өнімдерімізді аудандық және облыстық жәрмеңкелерге сатамыз. Көбінесе тұрақты тұтынушыларымыз бар. Тапсырыспен жіберіп отырамыз. Яғни, ет пен жұмыртқа өнімдерін саудалаймыз. Сұраныс күн сайын артып келеді. Кейде үлгермей қаламыз, – дейді Еділхан Нұрғалиев.

Құс шаруашылығын мал шаруашылығынан қиын емес дегенімен, оның да өзіндік әуресі бар көрінеді. Жем-суын салып, уақытылы екпесін алады.Кәсіпкер алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Осы орайда аудан әкімі Серік Жеңісұлы округ әкімдеріне әр ауылдағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігі туралы тапсырмалар беріп, өнімдерін саудалауға жол ашу керектігін қадап айтқан болатын.

Шығыс Қазақстан облысы