Қоғам • 07 Мамыр, 2025

Достық аллеясы ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда 70-тен аса этнос өкілі тұрады. Облыс орталы­ғын­дағы Достық үйі бірнеше эт­нобірлестікті бір шаңырақ астында ұйытып отыр. Олар өз дәстүрін ғана емес, қазақ хал­қы­ның мәдени өміріне шуа­ғын төгіп келеді. Сол себепті Талды­қорғанда «Достық аллеясы» ашылды.

Достық аллеясы ашылды

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабеков

Көпке мәлім, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Жетісу жері сонау тарихқа үңіл­сек, көптеген этносқа пана бол­ған қасиетті аймақ саналады. Сондықтан мереке сайын этно­мәдени бір­лестіктер өз ризашылығын білдіріп тұрады. Осы мақсатта ашылған «Достық аллея­сының» маңызы зор.

Салтанатты іс-шараға қатысушылар аллеяға 30 түп катальпа ағашының көшетін отырғызды. Облыс әкімі­нің орынбасары Диас Есдәулетов, Ассамблея мүшесі, қоғам қайраткері Атсалим Идигов және белсенді жас­тар қатарынан Екатерина Подгорная болашаққа бағытталған тілек жазылған уақыт капсуласын орналастырды. Уақыт капсуласы 2030 жылы, яғни ҚХА 35 жылдығында алынып, оқылатын болады.

Жиын барысында І.Жансүгіров атындағы университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Бархудар Гусенов қазақ халқының дархандығын айтып, ақ тілегін арнады.

 

Жетісу облысы