Қоғам • 05 Маусым, 2026
Жетісу төріндегі ерекше фестиваль
Жетісу төрінде өткен IV Халықаралық «Biken Fest» театр фестивалі қорытындыланды. Қазақ театр өнерінің жарық жұлдызы Бикен Римованың есімімен аталатын мәдени шара биыл да жоғары дәрежеде өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген театр ұжымдарының басын қосып, өнер мен руханияттың үлкен мерекесіне айналды.
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Инвестордың қоғамшыл бастамасы
Қайырымдылық – жүректен басталатын ізгілік. Ал туған жердің өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Кейінгі жылдары ел ішінде әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, туған өлкесінің дамуына нақты үлес қосып жүрген кәсіпкерлер көбейді. Айталық, сарқандық кәсіпкер Оразғали Сәдуақасов жерлестеріне бірнеше баспана сыйламақ.
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Түлектердің туған жерге тартуы
Жетісу жерінде туған елге деген жанашырлықты айшықтайтын тағылымды бастамалар баршылық. Айталық, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің мектеп бітіруші түлектері айналаны абаттандыру, табиғатты аялау іс-шараларына білек түре араласып, өздері өскен өлкеге мыңдаған ағаш пен гүл көшеттерін сыйға тартты.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2026
Алакөл шомылу маусымына дайын: Жағалауды енді дрондар бақылайды
Алакөл жағалауында жазғы туристік маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл өңірге 2 млн-ға жуық турист келеді деп күтіледі. Осыған байланысты жағалауды бекіту, кәріз жүйесін жаңарту, санитарлық тазалықты күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 17 Сәуір, 2026
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірдің келбетін жыл санап жаңартып келеді. Биыл облыс аумағында 12 жасыл аймақты – 9 саябақ, 1 гүлзар, 2 аллеяны абаттандыру жоспарланған. Бұл – экологиялық ахуалды жақсартатын, қалалар мен ауылдардың ажарын ашатын ауқымды жұмыс.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – маңызды жұмыстың бірі. Сол тұрғыда Жетісу өңірінде баспаналы болсам деген тұрғындардың дені онлайн кезек арқылы пәтерге ие болды.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Талдықорғаннан Астанаға пойыз жүреді
Талдықорғандықтар тарихи сәттің куәсі болды. Жақында ресми түрде іске қосылған «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» жаңа теміржол бағытымен елордадан алғашқы тікелей пойыз келді. Бұл – жаңа маршруттың ашылуы ғана емес, Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам.
Талбесік • 10 Сәуір, 2026
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Жетісу – егін мен мал шаруашылығына арқа сүйеген аграрлы өңір. Алайда кейінгі жылдары климаттың құбылмалылығы, трансшекаралық су ағынының тұрақсыздығы, кеңес дәуірінен қалған гидротехникалық жүйелердің тозуы су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінде суармалы жер көлемі едәуір артты. Биыл белгіленген 1,877 млрд текше метр су лимиті шаруаларға толық жете ме?
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді
Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегерлері – Шугаевтар әулеті ұйымшылдық танытып, бірлесіп келіп өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.