
Қылмыс • 23 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: мәйітке жасалған зерттеу
Талдықорған қаласында көпшіліктің назарын аударған Шерзат Полаттың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша он бірінші сот отырысы өтті.
Оқиға • 23 Мамыр, 2025
Жетісудағы жаңашыл форум өңірлік дамуға серпін берді
Жетісу облысында еліміз бойынша биыл алғаш рет өткізілген «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың қозғаушы күші» атты ірі Азаматтық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Шаруашылық • 22 Мамыр, 2025
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру маңызды. Сол үшін өңірде егістік көлемі 510,7 мың гектарға азайды. Оның 373,8 мың гектарына дақыл көктемде себіледі. Мәселен, 295,3 мың гектар жерге дәнді, 89,7 мың гектар жерге майлы дақылдар егіледі деп жоспарланған. Сарқандық шаруалар биыл алғаш рет 100 гектар жерге майлы зығыр өсіре бастады. Оны облыстағы бірнеше кәсіпорын қабылдайды.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Ерболат Шалдыбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды
Дәстүрлі өнердің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өнер майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының магистрі Ерболат Шалдыбековке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 21 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Сотталушы Шынасыл Нұрғанат Гайпбаевты пышақтағанын мойындады
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы қылмыстық істің сот отырысы жалғасып жатыр. Қоғам назарын аудартқан бұл оқиғада басты сотталушы ретінде танылған Абзал Шынасыл тың мәлімдеме жасады. Ол марқұмның ағасы Нұрғанат Гайпбаевты пышақтағанын сот залында ашық мойындады. Айта кетерлігі, Шынасыл өзінің бет-бейнесін тікелей эфирде көрсетуге қарсы болмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Мамыр, 2025
Мәдениет – бәрімізге ортақ көпір екені көпке мәлім. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірдегі этнос өкілдерінің мәдени қарым-қатынасы нығая түсті. Осы ретте Талдықорғанда «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Жетісуда қаламгер есімі ұлықталды
Жетісу облысында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында ұйымдастырылған мерейтойлық шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар мен қаламгерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 16 Мамыр, 2025
Малдың бабын тапқан, шаруасына шындап ден қойған адамның еңбегі еш кетпейді. Осының жарқын мысалы – Ескелді өңірінің белгілі шопаны Тылиқан Баймұхамет. Еңбекпен есейген қойшының қорасы қойға толы. Атакәсіптен ажырамаған ақсақалдың балалары да мал шаруасына бейім.
Қылмыс • 15 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: кінәлілер сөзін теріске шығаруда
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жаңа мәліметтер жария етілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Тағзым • 13 Мамыр, 2025
Талдықорған қаласында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше берілді. Жетісудан шыққан майдангерлер туралы кітап та жарыққа шықты.