50 жылдық тарихы бар театрдың шығармашылық еңбегі, репертуарды байытуы және көптеген таланттарды тәрбиелеуі жоғары бағаға ие болды. Театр ұжымы бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдап, оны үлкен құрмет әрі жауапкершілік деп айтты.
Айта кетсек, өңірде «BIKEN FEST» халықаралық фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, биыл оған бірнеше елден тоғыз театр қатысты.