Ауа райы • Бүгін, 09:24

Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казгидромет» синоптиктері 25 сәуір, сенбі күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық күтілсе, солтүстік пен батыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөз

Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C жылы.

Алматыда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C жылы.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +13...+15°C жылы.

Атырауда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +14...+16°C жылы.

Оралда жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Күндіз салқын, +9...+11°C.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанған, күндіз +12...+14°C жылы.

Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады

Петропавл мен Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Петропавлда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз +18...+24°C жылы.

Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +14...+16°C.

Қарағандыда жауын-шашынсыз, күндіз +23...+25°C.

Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +25...+27°C.

Павлодарда күн ашық, күндіз +26...+28°C.

Қызылорда мен Түркістанда күн ыстық, термометр бағаны +30...+32°C дейін көтеріледі.

Таразда күн ашық, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта күндіз +23...+25°C, Талдықорғанда +24...+26°C.

Семей мен Өскеменде жауын-шашынсыз, күндіз +20...+23°C жылы болады.

Соңғы жаңалықтар