Оқиға • Бүгін, 19:55

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала көшесінде қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Фото: Depositphotos.сom

Алматыда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші туралы ақпаратты Polisia.kz сайты таратты.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам жол ережесін бұзып қана қоймай, айналадағы көліктер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген. Құқық қорғау органдары құқықбұзушылықты дер кезінде тоқтатып, жүргізушіні ұстаған.

Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды, ал көлігі айып тұрағына қойылды.

Дрифт жасап, жүргізушілерге кедергі келтірген

Медеу аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нағашыбековтің айтуыншаәлеуметтік желіге контент түсіру мақсатында көрсетілім үшін қауіпті көлік жүргізу жағдайлары көбейіп келеді.

«Мұндай әрекеттер үшін міндетті түрде жауапкершілік қарастырылған. Ешбір құқықбұзушылық назардан тыс қалмайды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар