«Таза Қазақстан» • 26 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңірдің көркін келтіріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастама қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жаңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұрғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді. Әсіресе қант өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Былтыр облыста рекордтық өнім жиналып, өңірдегі екі зауыт 67 мың тонна қант өндірген. Биыл тәтті түбірдің егіс алқабы 12,1 мың гектарға қысқарғанымен, 540 мың тонна қызылша жиналады деп күтіліп отыр.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза бейсенбі» экологиялық күніне 6 мың адам шықты
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» жалпыұлттық экологиялық күніне 6 мыңнан астам адам қатысты. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері, сондай-ақ түрлі мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары атсалысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ауызсу мәселесі шешімін табады
Көп ұзамай Жетісу өңірі ауызсумен толық қамтылады. Бүгінде ішер судан таршылық көріп отырған ауылдар саны едәуір азайған. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 92%-ды құрап отыр. Әсіресе жырақта жатқан шекаралық елді мекендер күнделікті тұтынар суға қол жеткізгеніне қуанышты.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жылжымалы медициналық кешендер 119 ауылды қамтыды
Жетісу облысында өткен жарты жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдің 119 ауылын аралап, 58 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қыркүйек, 2025
Театр мен тағылым тоғысқан мерейлі сәт
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейлі шара аясында өнер ордасының жарты ғасырлық тарихын баяндайтын құнды кітаптың тұсаукесері жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты
Жетісу облысының жедел жәрдем қызметіне тағы 29 арнайы көлік берілді. Көліктердің кілтін аймақ әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шарада тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Қыркүйек, 2025
Елдің ертеңі мектептен басталады
Жетісу облысы құрылғаннан бері 20 жаңа білім ордасы салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде арнайы қор есебінен 2 бірдей білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Көксай ауылында болса, бірі – Текелі қаласында. Олар келер жылы оқушыларға есігін ашады.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Жетісуда әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Көксу ауданында екі, Алакөл ауданында бір медициналық мекеме іске қосылды. Сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Панфилов ауданында күрделі жөндеуден кейін ауылдық мәдениет үйі, жаңа балабақшалар есігін айқара ашты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлімше де қызмет көрсете бастады.