«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорғанда ерекше форматтағы акция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қатысушылар қала көшелерін тазалап жүрген еңбеккерлерге алғыс айтып, оларды ыстық шаймен күтіп, санитарлық жұмыстарға бірге атсалысты. Шараға 50-ге жуық адам қатысты.

«Жетісу жастары» КММ директоры Шәміл Ванкеевтің айтуынша, акцияның мақсаты – тек қоқыс жинау емес, экологиялық мәдениетті дамыту және қоғамды ортақ жауапкершілікке шақыру.

«TAZA ECO» клубының мүшесі Ақерке Досымханқызы мұндай шаралар жастардың табиғатқа жанашырлығын арттырып, еңбекті бағалауға, қоғамға үлес қосуға тәрбиелейтінін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір тазаланған көше – қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінің көрінісі.