Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1250 материал табылды

Аймақтар • 27 Қараша, 2025

Талдықорғанда болат шар өндіретін зауыт салынады

Жетісу облысы шетелдік инвестиция тарту арқылы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуді жалғастырып жатыр. Мәселен, Талдықорған қаласындағы индустриялық аймақта чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар шығаратын ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы келер жылдың наурыз айында қаланып, 2028 жылы іске қосылады.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Жетісуда жағымды жаңалық көп

Мемлекет басшысы Жолдауында ауылдың ел экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылықтағы шешуші рөлін айқын көрсетті. Сондықтан оны дамыту жекелеген инфрақұрылымдық жобалармен шектелмей, кешенді түрде жүргізілуі керек. Ауыл тұрғындарын сапалы жолмен, таза ауызсумен, жарықпен, интернетпен, медицина, білім қызметтерімен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды тақырыбы.

Қоғам • 26 Қараша, 2025

ЖИ камералары тәртіпке жәрдемші

Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды енгізу кейінгі жылдары айтарлықтай жанданды. Өңірдің полиция департаменті заманауи талаптарға сай ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде құқық қорғау саласындағы жұмыстарды жеделдететін құралдар іске қосылып жатыр.

Қоғам • 25 Қараша, 2025

Жетістігі мол Жаркент

Жаркентке жол тартқан жүргізуші енді жолдың азабын тартпайды. Тақтайдай тас жол жылдам жеткізеді. Шаруалардың да көңілі шат. Биыл жүгерінің бағасы да жоғары. Қырман толы астық. Ал ауыл жұрты әне-міне көгілдір отынды күтіп отыр. Осының бәрі Президент тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан игі істер. Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек өңір әлеуетінің артқанын жеткізді. Жетістігі мол өңірдің инфрақұрылымы да әжептәуір жақсарған.

Денсаулық • 24 Қараша, 2025

Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда өтіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелген. Оның 30 912-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады Egemen.kz.

Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025

Панфиловке баратын жол жаңарды

Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 23 Қараша, 2025

Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады

Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында Балқаш пен Алакөл жағалауын күтіп ұстаумен айналысатын жаңа коммуналдық кәсіпорындар құрылады, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 22 Қараша, 2025

Қылмыстың алдын алу маңызды

Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге бағыт­талған жұмыстар өз нәти­жесін беріп жатыр. Жылдағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны азай­ған. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарымен тікелей жүз­десу барысында бейресми жал­ға беріліп жүрген 62 пәтерді анық­тады. Оның көбі облыс орталығы Талдықорған қаласында тіркелген.

Аймақтар • 20 Қараша, 2025

Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр

Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 20 Қараша, 2025

Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды

Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика