Бұған дейін науқастарды қаладағы түрлі емханаға апаруға тура келетін болса, енді қажет диагностикалық, алғашқы көмек және диспансерлік бақылау осы мекеменің ішінде жүргізіледі. Амбулатория заманауи құралдармен жабдықталған, терапевт, психиатр, уролог, травматолог, гинеколог секілді 11 маман жұмыс істейді. Стоматология кабинеті мен скрининг жүргізуге де жағдай қарастырылған.
№1 қалалық емхана директоры Ләйлә Төлеуханова изоляторда 400-ден астам адам барын, олардың тұрақты тексеруден өтіп, диспансерлік есептегі 17 адам тегін дәрімен қамтылғанын атап өтті.
Сонымен бірге, мекеме онлайн-консилиум өткізуге мүмкіндік беретін жүйемен жабдықталған. Прокуратура өкілдері бұл нысанның ашылуын азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызды әлеуметтік қадам деп бағалап отыр.