Пайдалы қазбалар • Бүгін, 09:35

5 айда 2,39 млн тонна мұнай өңделді

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы 5 айда Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген көмірсутекті шикізат көлемі осынша межеге жетті. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишимовтің мәліметінше, жеңіл мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады. Дизель отынын өндіру 786,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл – жоспарланған көлемнен 66,7 мың тоннаға (немесе 9%-ға) артық. Осы кезеңде 105,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы шығарылып, жоспар 12%-ға артық орындалған.

5 айда 2,39 млн тонна мұнай өңделді

«Барлық маркалы автомобиль бензинін шығару көлемі 775,2 мың тонна болды. Әсіресе АИ-95 жоғары октанды бензин өндірісінің көлемі 16%-ға өсіп, 140,8 мың тоннаға жетті. Жыл басында 7,8 мың бензол шығару көзделген еді. Бес айда бұл өнімнің өндірісі едәуір өсіп, 24,6 мың тонна болды», дейді Қ.Бишимов.

Бас директордың дере­гінше, кә­сіпорында мазут өндірісі қыс­қарған. Бірақ бұл неғұрлым құнды жеңіл мұнай өнімдері өндірісін ұлғайту стратегиясына сай келеді. «Зауытта сапа көрсеткіштері жақсарды. Мәселен, мұнай өңдеу тереңдігі 89%-ға жуықтады. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 77%-ға жетіп, жоспарланған көрсеткіштен асып отыр», дейді бас директор.

ва

Көмірсутекті шикізатты өңдеу саласындағы кәсіп­орын­ның бұрынғы тарифі 1 тон­на мұнайды өңдеуге 54 450 теңге еді. 1 мамырда жаңа тариф бекітілді. Енді қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тонна үшін 47 000 теңге болмақ. Бұл бұрынғы тарифтен 7 450 теңгеге арзан. Кәсіпорынға тарифті төмендетудің қандай тиімділігі бар? Біріншіден, мұндай шешім мұнай өндіруші компаниялардың табысын теңестіру үшін қабылданып отыр. Екіншіден, еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауы­тына мұнай жет­кі­зушілерге бірдей жағдай жа­сау­ға әрі эко­номикалық ахуалды теңес­тіруге ықпал етеді. Үшін­ші­ден, іш­кі нарық­тағы мұнай өнім­де­рін одан әрі нығайтуға жол ашады.

Кәсіпорын баспасөз қыз­метінің мәлімдемесінде тарифтің төмендеуі АМӨЗ кредиттік міндеттемелерін өтеу кестесін оңтайландыру нәти­жесінде мүмкін болды делінген. Қазір зауытта өндіріс қауіпсіздігіне баса назар аударылып отыр. Таяуда «ҚазМұнайГаз» ком­паниясының 2025–2027 жылдарға арналған өнді­­рістік қауіпсіздік, еңбек және қор­шаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі жол картасы аясында зауыт қызметкерлері бет­пе-бет соқтығысты имитациялайтын құрылғыны сынақтан өткізді.Еңбек қауіпсіздігі жө­ніндегі бас техника­лық жетекші Арман Димұқашевтің айтуы­на қарағанда, құрылғы саға­тына 10 шақырымға дейінгі жыл­дамдықтағы бетпе-бет соқтығыс күшіне төтеп береді.

 

Атырау облысы