Қоғам • Кеше

Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

Бұрынғы судья Светлана Жолманова Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы — аса ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот дерегіне сәйкес, Жолманова 2021–2024 жылдар аралығында азаматтарды жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген желеумен алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол сенімге кіріп, достары, көршілері, таныстары және әріптестерінен ірі көлемде ақша алған.

Сот үкіміне сәйкес, Жолманова жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.

Бұл іс бойынша екінші фигурант — Данияр Күшалиев те кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында алаяқтыққа қатысты 48 эпизод анықталып, бір іс аясында біріктірілгені хабарланды.