
Машина адам күшін қажет етпей-ақ, жемісті бүлдірмей теріп, жәшікке дейін жеткізеді. Комбайнның жұмыс істеу тәсілі өте қарапайым. Арнайы жұмсақ щеткалар алманы ағаштан түсірсе, таспалы конвейер оларды жәшікке бағыттайды. Барлығы автоматты түрде жүреді. Мұндай техника уақытты үнемдеуге, еңбек күшін азайтуға көмектеседі.