
Аталған компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша жолаушыларға арналған тікелей тұрақты рейстерді бастағалы отыр. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» авиакомпаниясы да осы бағытта тікелей рейс ашпақ. Бұл рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Жалпы алғанда, жазғы маусымда Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.
«Авиабайланыстың ашылуы екі ел арасындағы туризмді, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді», деп атап өтті Азаматтық авиация комитеті.