
Фото: Primakov\shutterstock
Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды пайдалануды ұсынды.
Оның айтуынша қазіргі базалық мөлшерлеме кезінде нарықтық ипотека халықтың қалтасына ауыртпалық түсіреді. Базалық мөлшерлеме 16,5%-дан жоғары болған кезде ипотекалық мөлшерлеме 20%-дан жоғарылайды. Бұл - орасан артық төлем. Сондықтан бірінші халықтың төлем қабілетіне назар аударылуы керек.
Осыны ескере келе Қаржы нарығын реттеу агенттігі ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені 20% -ға дейін шектеуді ұсынды. Бұл идеяны Ұлттық банк қолдады.
«Не өзгеруі мүмкін?» деген сауалға әзірге нақты жауап жоқ. Бірақ жаңа шарттар қайта қаралып жатыр. Оның ішінде - ең төменгі бастапқы жарнаны арттыру және қарыз алушының табысын қатаң тексеру талаптары бар.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме мен коммерциялық ипотека пайызы арасынан халықтың қалтасы көтере алатын балансты табуға уәде беріп отыр.