
фото: ашық дереккөз
«Жыл басынан бері 50-ге жуық күдікті ұсталып, 133 қылмыстық іс сотқа жолданды. Кейбір деректерге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Атырау облысында тіркелген киберқылмыстардың басым бөлігі интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау, фишингтік сілтемелермен жеке деректерді ұрлау тәсілімен жасалады.
«Кибербақылау» платформасымен 2000-нан астам фишингтік сайт анықталып, бұғатталды. Байланыс операторларымен бірге жалған нөмірлер мен алаяқтық қоңырауларды анықтау, тұрғындарға SMS арқылы ескерту хабарламаларын тарату жұмысы тұрақты жүргізіліп отыр. Тұрғындарға киберқауіпсіздік ережелерін сақтауды, күмәнді жайт туындағанда 102 номеріне хабарлауды ескертеміз», дейді Расул Жолдас.
Оның мәліметінше, қазір интернеттегі алаяқтықты анықтау, жолын кесу мақсатында «Киберпол» жедел тобы жұмыс істейді. Биыл мектептер мен колледждерде киберқауіпсіздікке 20 мыңнан аса тұрғын қатысқан арнайы лекциялар өткізілген.