
Фото: Ашық дереккөз
Салтанатты марапаттау рәсімі «Мейкин Азия» халықаралық музыка фестивалінің жабылуында өтті.
«Фестивальдің аяғында мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов Қырғызстан мен Қазақстан Республикалары арасында достық пен мәдени байланысты нығайтуға үлес қосқаны үшін қазақстандық әнші, композитор Дінмұхаммед Құдайбергенге (Димаш Құдайбергенге) «Қырғызстанның халық әртісі» атағын тапсырды. Президент Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды», деп жазылған ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қазанда Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атағын алған еді.