Өндіріс • Бүгін, 10:30

Cу тазартатын мембраналар өндірісі

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кері осмос технологиясы бойынша су тазарту жүйелеріне арналған ­спиральды мембраналарды өндіруді алғаш рет «Экотэк Инжиниринг» ­компаниясы Қ.Сәтбаев университетімен бірлесіп іске асыра бастады.­ Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан Membraneco жобасы су тазарту технологияларының озық әдістерін өндіріске енгізіп отыр. Жоба импортты алмастыруға негізделген әрі өнеркәсіптегі тың ғылыми бағыт ретінде дамитын болады.

Cу тазартатын мембраналар өндірісі

Өндірістік желілер «Ала­тау» арнайы эко­но­микалық аймағында орна­ласқан. Қазіргі кезде кәсіп­орын RFID белгілерімен жаб­дық­талған алғашқы өнімін шығара бастады. Цикл цифрлық жүйемен басқарылады.

Бұған дейін су жүйесіне арналған бар­лық мембраналар шетелден жеткізіліп келген болса, енді ғылым мен бизнестің ықпал­­дастығы аясында өз елімізде мембра­на­­лар­ды шығару жолға қойылып, Маңғыс­тау ­сияқты өңірлерде суды тазарту мен тұшыту ­барысында қолданылатын болады.

Жақында «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ өзара міндет­темелердің орындалуына қатысты жоспарлы мониторинг жүргізіп, кәсіпорында жобаның сәтті жүзеге асып жатқандығын бағалады. «Су тазартатын өндірістік цикл еліміздің индустриялық әлеуетінің дамуына қосқан зор үлесіміз болмақ. Мониторингтен сәтті өту – ұлттық компаниялармен өзара әрекеттің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етумен қатар ары қарай да ауқымды жоба­ларды жүзеге асыруға да­йын­дығымызды, қабілетімізді көр­сетеді», дейді «Экотэк Инжи­ниринг» компаниясының басшысы Ануар Дукумбаев.

Қ.Сәтбаев университеті ғылыми сараптама жасап, зертханалық база мен өнді­рістік алаңдарды ұсынумен қатар кәсіп­орынның тең құрылтайшысы саналады. Бұл университеттің ғылыми әлеуетін, бизнеспен ынтымақтастықта бәсекеге қабі­летті өндірісті іске қосып, тұтас саланың құ­рылымын өзгерте алатындығын көрсе­те­ді. Қ.Сәтбаев университетінің проректоры ­Сапар Шала­баев атап өткендей, бизнес пен ­технология тоғысында жүзеге асатын жоба­лар инженерлік білім беру экожүйесінің ма­ңыз­ды бөлшегіне айналып отыр. Мұндай қа­дам қазіргі жұмыс істеп тұрған өндіріс база­сында мамандарды даярлауға ғана емес, сондай-ақ ғылыми инфрақұрылымға қосым­ша ­инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Мониторингтік топ жұмы­сы­ның қоры­тын­дысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларына жоба операторымен оффтейк-келісім­шарт­тар жасалатын болады. «Өндіріс ел аума­ғын­дағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету­дегі технологиялық әлеуетті нығайтуға бағыт­талған. Бұл бір ғана өндіріс орнын ашумен шектелмейді. Болашақта ұлт денсаулығын жақсартуға, эколо­гиялық тұрақтылыққа және ғылы­ми-техникалық үдерістің дамуына ықпал ететін болады», дейді «Самұрық-Қазына Контракт» компаниясы оффтейк-келісім­шарттар департаментінің жетекші менеджері Динара Түменова.

Қазіргі таңда өндіріс келесі кезеңнің дайындығына кіріскен. Өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отырған мамандар сүзгі түрлерін көбейтіп, өз өнімін Орталық Азия, Кавказ, Ресей мен Түркия нарығына экспорттауды көздеп отыр.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше