
Автордың сыршыл өлеңдері адамдарды мейірімділікке, ана тілімізді қадірлеп, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, Отанымызды сүюге, ізгілікке баулиды.
Жақында Мәскеу қаласында, Ресей Мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері марқұм Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған шығармашылық кеште Есенгелді Сүйіновке Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының «Орыстың ұлы жазушысы және ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты Иван Алексеевич Бунин атындағы «Орыс әдебиетіне адалдығы үшін» әдеби-қоғамдық сыйлығы дипломмен және «И.А.Бунин (1870–1953)» медалімен қоса берілді. «Бұл награда ақын Есенгелді Сүйіновке Қазақстан мен Ресей арасында әдеби байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр», деді марапатты тапсырған «Золотое перо Руси» әдеби достастығының негізін қалаушы және президенті, ақын Светлана Савицкая.