– Мен өмірімде талай қонақүйде болдым. Бірақ бұл қонақ үй ерекше ұнады. Бөлменің көлемі де таңғаларлық. Бүгін қалай рақаттанып ұйықтайтынымды елестетіп тұрмын. Ал, терезеден қарағандағы көрініс тіпті ғажап. Кейінгі күндері аялдаған қонақүйлердің ішінде маған ең ұнағаны осы-ау, шамасы. Қазақстан осындай әсер сыйлайды деп кім ойлаған? Рас айтам. Ауа райы да мінсіз. Далада шамамен 72°F (22°C). Керемет. Қазақстан маған қатты ұнады, - дейді Шэрон Янгблад.
Айта кетейік, Дженнифер Лопестің Қазақстан астанасындағы өнер көрсетуі оның «Up All Night» әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. Концертке 50 мыңнан астам көрермен келеді деп күтіліп отыр.