
Аталған байқау туризмнің қоғамдағы рөлін, маңызын және заманауи мәселелерін карикатура арқылы бейнелеу мақсатын көздейді. Сатира мен юморды үйлестіре отырып, туристік тәжірибе мен саланың өзекті тақырыптарын көрсететін шығармалар жоғары бағаланады.
Айта кетейік, байқауды Түркиядағы Анадолу университеті, Туризм карикатуралары мұражайы және басқа да серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Еске салайық, аталған байқау «2024 жылы Ыстанбұлда турист болу» атты тақырыпта өткен еді. Қазақстанның белгілі суретші-карикатурисі Ғалым Смағұлұлы Fehmi Köfteoğlu атындағы арнайы жүлдеге ие болды», деген сүйінші хабарды естіп отырмыз.