Абай • 10 Тамыз, 2025

Қызылордада Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Қызылордадағы №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп алдында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қызылордада Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Шараға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлттық сананы қалыптастырған ұлы тұлға. Оның шығармашылық мұрасы – адамзатқа ортақ қазына, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын арқауы. Абай туындылары ел бірлігі мен руханиятының берік тірегіне айналды.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, ұлы есімді ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Рәсім барысында ақынның «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі оқылып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

Мерейтой аясында облыс көлемінде, қала, аудан және ауылдық елді мекендерде байқаулар, интеллектуалды сайыстар мен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025