Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Роботты оқытудың жаңа әдісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Boston Dynamics» компаниясы «Toyota Research Institute» зерт­теу­­шілерімен бірге роботтарды оқы­тудың жаңа тәсілін таныс­тырды. Бұрынғыдай қатаң бағдар­ламаға байланбай, енді «Atlas» роботы адамды бақылап отырып-ақ күр­делі тапсырмаларды үйрене алады.

Роботты оқытудың жаңа әдісі

Бұл жаңашыл әдістің арқасында «Atlas» күтпеген жағдайларға бейімделіп, бүкіл денесін үйлестіре қимылдайды. Ол ауыр жүкті көтеруден бастап арқан байлауға дейін түрлі істерді атқарады. Жүйенің негізі  – 450 миллион параметрі бар диффузиялық трансформер. Ол камерадан түсетін бейне­ні және тілдік нұсқауларды талдап, оларды нақты әрі икемді әрекетке айналдырады.