
Қаланың бас жоспарын сингапурлық «Surbana Jurong» компаниясы әзірлеген. Үкіметтің мәліметінше, жобаға қазірдің өзінде Азия мен Еуропаның стратегиялық инвесторлары және технологиялық компаниялары қызығушылық танытып отыр. Жаңа қала төрт ірі ауданнан тұрады: «Gate City» – іскерлік және қаржылық орталық, «Golden District» – білім беру және медициналық хаб, «Growing District» – инновациялық-өнеркәсіптік және сауда-логистикалық аймақ, «Green District» – туристік кластер. Даму жобасына сәйкес, 2050 жылға қарай Алатау қаласының халқы 2 миллион 40 мың адамға жетуге тиіс.