
Олар голографиялық метабеткейлер мен органикалық жарық шығаратын диодтарды біріктіріп, анағұрлым қарапайым әрі ықшам ететін әдіс ұсынды. Дәстүрлі «OLED» экрандары бір ғана бейнені көрсету үшін мыңдаған пиксельді қажет етеді. Ал жаңа тәсіл арқылы зерттеушілер бір ғана «OLED» пикселімен толыққанды кескін проекциялауға болатынын дәлелдеп отыр. Бұл жаңалық голограмма технологиясын смартфондарда, ақылды құрылғыларда, байланыс жүйелерінде, ойын және ойын-сауық салаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермек.