Аймақтар • Бүгін, 08:30

Мейірім ордасы

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Алматы қаласындағы тірек-қимыл бұзылысы бар балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатына 65 жыл толды.

Мейірім ордасы

Кәсіби бағдар беру мақ­сатында мектеп-интернатта оқушылардың әлеуметтік қолдауы мен маман­дық таңдауына, білім алуына және болашақта өз саласы бойынша табысты жұмыс істеп, өмір­де өз орнын табуына жәрдемдесу бағытында жүйелі жұмыстар ат­қарылып отыр. Бүгінгі күні мек­тепте 180 бала тәрбиеленеді.

Педагог мамандар үшін мектеп оқушыларының жетістіктері, үлгерім нәтижесі басты назарда тұр. Осы орайда мектеп-ин­тернаттың түлектері Данияр Серікбайдың С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық меди­цина­лық университетіне, Роман Степанец ҚазИТУ-ға оқуға тү­суін мақтанышпен жеткізген дирек­тор Бақытгүл Ермекова бала­лар­дың дамуына, тұлғалық қалып­та­суына қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді.

– Мектеп-интернатқа қа­был­­дау психологиялық-медици­на­­лық-педагогикалық кеңестің ше­­шімімен жүргізіледі. Бірінші сыныпқа қабылданғаннан ке­йін балалар негізгі орта білім алып шығады. Мектебімізде мем­лекеттік білім беру стандар­тынан тыс психологиялық-физио­ло­гиялық ерекшеліктеріне сәй­кес арнайы оқу бағдарламасын қол­дану тәжірибесі жемісін бе­ріп отыр. Ол педагогикалық ұжымның сабақты қызықты өт­кізуге, балаларға шабыт сый­­лауға барынша тырысуының нәти­­­же­­сі дер едім. Өйткені педагог-психолог, логопед, яғни тіл, дене қи­мылы бұзылыстарын танитын ма­мандар бала мектепке келген ал­ғашқы күннен бастап тұлға­лық психологиялық-физикалық ерекшеліктерін зерттеу бойын­ша жұмыстар жүргізе бастайды. Ең бастысы – баланың денсаулы­ғын сақтау, бойындағы бұзылыс­тың күрделілігіне қарамастан оқуға, тәрбиеге баулу. Қазіргі кезде заманауи мүмкіндіктерді қолдана отырып, білім құралдары, еңбек дайындығы арқылы дамуын­да­ғы кедергілерді түзеу, қоғаммен ық­палдасуы үшін әлеуметтік-пси­хологиялық оңалту, ақыл-ес және физикалық дамуы, көңіл-күй ер­кін­дігіндегі жетіспеушіліктерді түзету, жеке оқу үрдісі арқылы білім беруге ынталандыру, адап­тивті мүмкіндіктерін арт­тыра­тын құндылықтарын қалып­тас­тыру бойынша жұмыс істеліп жа­тыр, – деді директор.

Мектеп логопед, психолог ма­­­мандардың жұмыс тиім­ділі­гін арттыру мақсатында мульти­медиялық құрылғыларды қол­данады. Ал коррекциялық жұ­мыс­тар барысында оқушы­лар­ға психологиялық қолдау көр­сетіледі. Логопедтік жұмыстар оқушының жазу, оқу барысын­да туындайтын қиындықтардан ­арылуына ықпал етеді десек, мектепте балалардың білім алумен қатар шығармашылық дағдыларға да машықтануына қолайлы мүмкіндік жасалған. Білім беру барысында қолда­ны­лып жатқан жаңа техноло­гиялар балалардың жан-жақ­ты дамуына бағытталып, оқу каби­нет­теріндегі интерактивті тақ­та­лар қызықты ақпараттарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

вв

Мектеп директорының айтуынша, негізгі салмақ педагог мамандарға түсіп отыр. Дегенмен педагогикалық құрам өз білік­тілік үдесінен шыға отырып, оқу материалдарын балаларға барынша түсінікті, тартымды етуге тырысады.

Зерттеуші-педагогтер Ғазиза Саргелова, Лилия Арсанкулова, Нұрзипа Бекбасова бала оқы­тумен қатар оқу-әдістемелік ма­те­риалдарды, типтік оқу бағ­дар­ламаларын әзірлеу мен айналысып келеді. Мектеп директоры Бақытгүл Ермекова атап өткендей, ұстаздар еңбегі­нің нәтижесінде білім беру үрдісі барынша жетілдірілген. Мек­теп мұғалімдерінің шетелдерден жинаған тәжірибесі мек­теп өмірінде ғана емес, балалар­дың қоғаммен ықпалдасуында, пси­­хи­калық-физиологиялық бағ­­дарламаларды пайдалануда тиімді қолданылып келеді. Осы мақсатта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулия Дарыбаева мен педагог-пси­холог Валентина Тюрина Хорва­тия және Нидерланд еліне, ал мек­теп директоры Жапония, Синга­пур, Малайзияға сапарын атап өтуге болады.

Мектеп-интернатта шебер пе­дагог, емдеу физикалық ба­ғыт бойынша типтік оқу бағ­дар­ламасының әзірлеушісі Наталья Кефердің педагогикалық, зерт­теушілік қызметі нәтижелі іске асып отыр. Білікті маман Спорт және туризм академиясында сабақ бере жүріп, көптеген жылғы тәжірибесімен бөлісуді педагогтік қызметінің ажырамас бөлшегіне айналдырған. Қазіргі кезде дене шынықтыру саласының мамандарын даярлаумен де айналысып жүрген маман балалармен жұмыста өте жоғары шеберлік қажет еке­нін айтады. Ал республика көлемінде жүзеге асып жатқан «Біртұтас тәрбие – адал азамат»­ бағдарламасы директордың тәр­бие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Құттықадамованың жетекшілігімен іске асып келеді. Бұл бағытта мектепішілік шаралар балалардың бірлесіп жұмыс істеуіне бағытталған.

Мектеп мамандарының биылғы оқу жылындағы кәсіби жетістіктеріне келетін болсақ, педагог-зерттеуші Алма Мыл­тық­баева Алматы қаласы әкімі­нің «Еңбек адамы – 2025» Ал­ғыс­хатының иегері атанса, педа­гог-зерттеуші, логопеді Үміт Есем­баева «Арнайы педагогика» XVII республикалық олимпиадасы қазылар алқасының құрамына кірді. Ал соңғы екі жылда мек­тептің 23 педагогі «Perkins» ха­лықаралық мектебінде білімін жетілдірген. Ондағы мақсат – көптеген бұзылыстары бар бала­ларға білім беруде алдыңғы қа­тарлы педагогикалық техно­ло­гия­ларды енгізу. Қазіргі кез­де «Perkins» тәжірибесі негізін­де мектепте ресурсты кабинет жұмыс істейді.

 

АЛМАТЫ