Оқиға • 06 Қазан, 2025

Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

«Шарбақты-Сосновая» автожолында қайғылы жол апаты тіркелді.

- 5 қазан күні «Шарбақты – Сосновая» автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Автокөлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауды еске салады.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Шығыс шонжарлары

Руханият • Бүгін, 08:25

Ордадағы жәрмеңке

Руханият • Бүгін, 08:23

Мәртебелі мамандық иесі

Білім • Бүгін, 08:20

Қадыр ақынның қарындашы

Руханият • Бүгін, 08:17

Қалам қиcайса, қасірет

Пікір • Бүгін, 08:15