
Фото: gov.kz
Кітапханада 3 мыңнан астам кітап қоры бар. 6 мыңға жуық оқырман бір уақытта кітапханаға келе алады. Онда оқу залдары мен қатар креатив орталық жұмыс істейді.
Кітапхана Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарайды.
Айта кетейік, елордада 2023 жылы төрт кітапхана жаңғыртылса, 2024 жылы төрт кітапхана жөндеуден өтіп, төрт жаңа нысан пайдалануға берілген.
2025 жылы үш кітапхана жаңғыртылып, тағы үш жаңа кітап үйі іске қосылып жатыр. Қазір Астанада 24 кітапхана жұмыс істейді.
Жыл соңына дейін тағы бір кітапхана ашылады.