Аймақтар • Бүгін, 07:50

Жүз баланың 100 жылдыққа тартуы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын күзде аталып өтетін «Қала күні» мерекесіне биыл ерекше мән берілді. Орталық алаңмен қатар облыс орталығына қарасты ауылдарда да өтіп жатқан мерекелік шаралар Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына арналып отыр.

Жүз баланың 100 жылдыққа тартуы

Тасбөгет кентіндегі С.Май­қа­нова атын­дағы мәдениет үйі қала тарихындағы бір белес саналатын кезеңнің ға­сырлық тойына тамаша тар­ту жасады. Кенттегі кең алаң­да тізіле отырған 100 бала Құрман­ғазының «Балбырауын» күйін орындады. Ұлттық өнерді дәріп­­теген ұландар мереке қарсаңында қала­лықтарға рухани азық сыйлады.

Мәдениет үйінің нұ­с­қау­­шысы Сәнімкүл Қа­йың­­баева­­­ның айтуынша, бұл бала­лар­дың бәрі домбыра үйір­­месіне қатысады екен. Олар­­дың қа­тарында №11, 257, 172, 176 мектеп оқушылары мен мәде­ниет үйі жанындағы «Бал­бырауын», «Сала­матты жас­тар» шығармашылық орта­лы­ғын­дағы үйірме мүшелері бар.

Жүз жылдыққа арнаған жүз бала­ның күйі көшені күм­бірлетіп, көрермен қатары сәт санап көбейе берді. «Үйірмеге қатысушылар әуелі күй әліппесін «Балбырауыннан» бастайтыны белгілі ғой. Оны тартқан адам да, тыңдаған жан да арқаланып, айбарланып кететіні анық. Сондықтан 100 баланың 100 жылдыққа тартуы осы күй болғанын дұрыс көрдік. Мұндай іс-шара келешекте де ұйымдастырылмақ», дейді С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің нұсқаушысы.

 

Қызылорда