Digital • Кеше

Деректерді талдау орталығы ашылады

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сеул қаласында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) ғылым, технология және жасанды интеллект саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Деректерді талдау орталығы ашылады

Келісім Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, «AI SilkNet» ғылыми-технологиялық форсайт және болжамды талдау орталығын құруды көздейді.

Жаңа орталықтың мақсаты – жасанды интеллект, үлкен деректер және сценарийлік модельдеу салаларындағы Оңтүстік Кореяның озық технологиясын еліміздің зияткерлік әлеуетімен ұштастыру. Орталық Алматыдағы Президент жанындағы ҰҒА базасында орналасады. Оның қызметін Академия мен KISTI-дің бірлескен атқарушы комитеті басқарады. Басқару жүйесі өзара тәжірибе алмасу қағидаттарына негізделіп, жетекшілік қызметті Қазақстан мен Оңтүстік Корея өкілдері кезекпен атқарады.

Президент жанындағы ҰҒА президенті А.Күрішбаев KISTI президенті доктор Сик Лидің қолдауына риза­шылығын білдіріп, «AI SilkNet» орталығының болашағы жайында айтып өтті.

Қазіргі таңда жасанды интеллект стратегиялық ойлаудың негізгі құралына айналып отыр. Бұл реактивті басқарудан проактивті басқаруға көшу, яғни болжамдар мен сценарийлердің мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналатын болады. Азиядағы суперкомпьютерлік және талдамалық технологиялар саласында жетекші орынға ие KISTI жүйелерінің негізінде елімізде ғылым мен технологияның даму үрдісін болжауға, басым бағытты айқындауға және стратегиялық шешімдер қабылдауды мемлекеттік әрі корпоративтік деңгейде қолдауға жол ашатын ұлттық болжамды талдау және форсайт жүйесінің құрылуының болашағы зор.

Орталықтың қызметі ғылыми жарияланымдар, патенттер мен технологиялар бойынша бірыңғай цифрлық платформа мен деректер базасын құруға, сондай-ақ форсайт-зерттеулерге арналған болжамды талдау құралын әзірлеуге бағытталады.

 

АЛМАТЫ