Құқық • 04 Қараша, 2025

Тегін құқықтық көмек алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының орта­лығы Жезқазған қаласында «Халықтық заңгер» атты республикалық акция өтті. Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, аза­мат­тардың құқықтық сауатын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолже­тімділігін қамтамасыз ету.

Тегін құқықтық көмек алды

Акция аясында әрбір азамат тегін құқықтық кеңес алып, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме және құқықтарын қорғау жөнінде нақты көмек ала алады. Іс-шараға прокуратура органдары, әділет және полиция қызметкерлері, әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақ­тау саласының өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

Іс-шарада әлеуметтік қолдау және әлеу­меттік төлемдер, отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау, еңбек және жер қаты­нас­тары, алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды қорғау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Келіп түскен әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті органдарға жолданып, прокурорлық бақылауға алынады.

«Басты міндетіміз – әрбір тұрғынға көмек көрсету, сұрағына жауап беріп, заңды құқықтарын қорғауға қолдау көрсе­ту. Біз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, аза­маттардың құқықтары мен заңды мүд­де­лерін қорғауға және қоғамдағы тұ­рақ­тылықты сақтауға бағытталған жұмы­сымызды табанды түрде жүргізе береміз», дейді заң өкілдері.

Ұлытау облысының прокуратурасы халықпен ашық диалогті жалғастыра береді. Акция аясында жүздеген адам тегін құқықтық көмек алды.

 

Ұлытау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20