Елорда • Бүгін, 16:12

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 7 қараша күні сағат 13:30-да «Esil University» ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Фото: dauletten.kz

Жәрмеңкені Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы және «Esil University» бірлесіп өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен кандидаттардың тікелей байланысын орнату.

Жәрмеңке барысында компаниялар өз қызметін таныстырып, бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ олар ең лайықты үміткерлердің жеке базасын қалыптастырады. Өз кезегінде жұмыс іздеушілерге HR-менеджерлермен сұхбаттасуға және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.