Спорт • Бүгін, 03:22

«Интер» өз алаңында «Қайратты» минималды есеппен жеңді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Милан қаласында өткен матчта «Интер» мен алматылық «Қайрат» командалары кездесіп, есеп 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Интер» өз алаңында «Қайратты» минималды есеппен жеңді

Ойын басынан-ақ «Интер» шабуылға белсене кірісіп, басымдық танытты. Алайда «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды.

Бірінші таймның соңында италиялық команда алғаш болып есеп ашты. Бірақ екінші таймның 55-минутында «Қайрат» таразы басын теңестірді.

Дегенмен 67-минутта Карлос Аугусто Эспозитоның пасын пайдаланып, айып алаңының сызығынан қатты соққымен допты қақпа бұрышына дәл бағыттап, «Интерге» жеңіс сыйлады.

Матч соңында екі команда да есепті өзгертудің бірнеше мүмкіндігін пайдаланбай қалды. Қорытынды есеп – 2:1, жеңіс Миландықтар еншісінде.

Соңғы жаңалықтар

Жануар бейнесіндегі бағаналар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Ұшқышсыз тікұшақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:03

Көне құжаттағы уақыт табы

Архив • Бүгін, 08:58