Өндіріс • Кеше

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін кәсіпорындар көп емес. Осы бағыттағы қуатты өндіріс орны Түркістан облысында орналасса, екіншісі Арал ауданында іске қосылатын болды. Ауданда «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу» жобасы аясындағы жұмыс қайта жанданды.

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Құны 3 млрд теңге болатын жоба бірнеше жыл бұрын басталғанымен, біраз уақыт құрылыс жұмыстары тоқтап қалған еді. Биыл бастамаға қайта серпін беріліп, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев өн­діріс орнында болып, жоба жетек­ші­лерімен кездесті.

Арал төрт түліктің төресі саналатын түйе санынан басқа аудандар­дан алда тұр. Қазіргі есеп бойынша ауданда 37 мыңнан астам Ойсылқара тұқымы бар. Сон­дықтан өндірісті дәл осы ай­мақ­та жолға қою тиімді болып отыр.

Бүгінде зауытқа Қытайдан арнайы мамандар шақырылып, өнім өнді­руге қажетті құрылғылар орнатылып жатыр. Бұған дейін салынған негізгі ғимарат жанынан сүтті кептіруге арналған қосымша нысан бой көтеріп келеді.

Мамандар дерегінше зауыт тәулігіне 20 мың литр түйе сүтін өңдей алады. Тұрғындардан сүт қабылдау жүйесі де жолға қойылған. Әр ауылдан жиналатын шикізат өндіріс орнына арнаулы техникамен жеткізіледі.

Қазір зауыт іші – қарбаласқа толы. Мамандар құрылғыларды техникалық талаптарға сай орнатып жатыр. Аудан әкімі жоба жетекшісімен кездесуде жергілікті билік тарапынан өндіріс орнына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше