Алматы • Бүгін, 08:15

Алматыны «ақылды» технология басқарады

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі көптеген игілікті істің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясын өткізді. Бұған дейін ҰҒА еліміздің аумақ­тарында бірқатар форсайт-сессия өткізіп, оның барысында зерттеу нысанына ілікпеген, дамуға мұқтаж салаларды зерттеді. Бұл жолғы форсайт-сессия қала экологиясындағы түйткілді жағдайды нысанаға алып, экожүйе, қауіпсіз орта міндеттерін талқылады.

Алматыны «ақылды» технология басқарады

Біріншіден, ғалымдар қа­лалық экожүйе мен шағын және орта биз­нестің жайлылығын қам­та­­ма­сыз ету мақсатында шаһар эко­номикасының ажырамас бөлігі саналатын қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ауа лас­тануына әсерін қарастырды. «HoReCa» секторы (дәмхана, мейрамхана, қонақүй) – тек қызмет көрсету саласы ғана емес, сонымен қатар қала дамуының бір бөлігі. Алайда мұндай мекемелер санының артуы мен құрылыстың қарқынды дамуы, әсіресе шаһардың орталық аудандарында ауа сапасына кері әсерін тигізіп отыр.

Сессияда ғалымдар қоғамдық тамақтану орындарынан ауаға тарайтын зиянды қалдықты азай­туға бірқатар бастама ұсын­ды. Нақты айтқанда: сүзгілеу және желдету технологияларын көздейтін жаңа буын «Таза HoReCa» қалалық стандартын енгізу, ғылым, әкімдік және бизнес деректерін біріктіретін қалалық ауа зертханасын құру, шығарындылар мен ауа сапасын нақты уақытта бақылайтын «IoT» сенсорлар желісін енгізу, азаматтарға ашық қолжетімді ластану деңгейін көрсететін цифрлық карта әзірлеу, ESG сәйкестік қағидаттарына негіз­делген дәмханалар мен мейрамханаларды «жасыл сертификаттау» бағдарламасы.

Сессияға қатысушылар «ауа – қызмет ретінде» (Air-as-a-Service) тұжырымдамасына назар аудар­ды. Оның барысында компаниялар жабдықтарды орнатуға емес, тазартуға да ақы төлейді. Нәтижесінде, Алматы Орталық Азиядағы ауа сапасын «ақылды» шешімдер арқылы қадағалайтын қалаға айналуы мүмкін.

Форсайт-сессияда ғалымдар сейсмотұрақтылықтың цифр­лық негізіне назар аударды. Ол инженерлік, кадастрлық және геологиялық деректерді бірың­ғай платформада біріктіруді көз­дейді. ҰҒА Пәнаралық ғылым­дар орталығының директоры Қуантар Әлихановтың айтуын­ша, BIM, IoT және жасанды интел­лект технологияларының көмегі­мен қауіпсіз қала мақсаттарын іске асыруға болады. Осы технологиялар бірігетін болса, университеттер мен стартаптарға жаңа бағыттар ашылады.

Алматы жоғары сейсмика­лық қауіпті аймақта орналасқан. Тұрғын үй қорының 50 пайыздан астамы қазіргі қалыптасқан нормаға дейін салынған. Ескі ғимараттар көп. Құрылыс қар­қынды дамып келеді. Халық санының артуы қала қауіпсіздігін күшейтуді талап етеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл цифрлық технология­лар реактивті әрекет етуден тәуе­кел­дерді болжап басқаруға көшу­ге мүмкіндік береді. BIM, IoT және жасанды интеллект техно­логияларының көмегімен қос цифрлы тәуекелдер модельдеуге, ғимараттардың деформациясын болжауға, нығайту шараларын ұсынуға қабілетті.

«Urban Digital Twin» жобасын жүзеге асырған Сингапур, Хельсинки, Дубай қалаларының даму барысы әлемге аян. Сол сияқты заманауи басқару жүйе­­­ле­рі сейсмикалық аймақтағы Алматы­ға енетін болса, онда қала «ақыл­ды» жүйелермен бас­қарыла­тын Орталық Азиядағы алғашқы шаһар болуы мүмкін. Ғалымдар пікірінше, шаһар­дың қауіпсіздігін арттыру үшін орталық бөлігінде қос цифрлы қанатқақты жобасын іске асырып, негізгі нысандарға деформация мен діріл сенсорларын орнату қажет. Мұнымен қоса цифр­лық инженерия бойын­ша мамандарды даярлау бағдар­ла­масын әзірлеу, сондай-ақ сәулет­шілер мен құтқару қыз­мет­теріне қолжетімді «сейсмотұрақ­тылықтың цифрлық картасын» жасау да өзекті.

Сарапшылар мұндай технологиялар қауіпсіздікпен қатар, ғимараттарды жөндеу мен қайта жаңарту шығындарын азайтып, деректерге негізделген жаңа қала басқару мәдениетін қа­лып­тастыратынын айтады. Бұл бағыттар 2035 жылға дейін ­цифрлы шешімдер мен техно­логияларды пайдаланудың ма­ңызды екенін көрсетіп отыр. Алматы – таза әрі өмір сүруге қауіпсіз қала ретінде дамуға тиіс. Оған ғылым, бизнес, әкімдік пен азаматтардың белсенділігі қажет.

Форсайтқа мектеп оқушы­лары мен студенттер де қа­тыс­ты. Олар экологиялық мони­то­рингке арналған мобиль­ді қо­сымшалардан бастап, шыға­рын­дыларды автоматты түрде бақы­лайтын «жасыл кварталдар» тұжырымдамасына дейінгі өз идея­ларын айтты. Жас буын тұрақты даму қағидаттарымен ойлап, болашақтың қаласын жақ­сартудың жолдарын ұсынды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22