Қоғам • Кеше

Компаниялар 200-ден астам бос жұмыс орынын ұсынып отыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында Алматыда Оқушылар сарайында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық прокуратураның бірлесуімен жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Компаниялар 200-ден астам бос жұмыс орынын ұсынып отыр

Жұртшылықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беруді мақсат еткен игі шараға құрылыс, өнеркәсіп, білім беру, медицина және басқа да салалар бойынша 1 247 жұмыс орнына 221 бос жұмыс орнын ұсынған 70-тен астам компания қатысты.

Жұмысшы мамандықтар

Жәрмеңкеге келгендер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес алды. Әсіресе, сұранысқа ие мамандықтарды меңгергісі келетін азаматтарға кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларына ерекше назар аударылды Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға, еңбек әлеуетін арттыруға және жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар