Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Көбелектің кереметі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көбелек туралы біздің танымымыз көбіне оның нәзік сұлулығымен шектеледі. Алайда ғылым бұл жәндіктің тылсым қабілеттерін әлі толық аша алған жоқ.

Көбелектің кереметі

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мәселен, көбелек гүлге қонған сәтте оның түсі мен иісін емес, ең алдымен дәмін сезеді. Өйткені дәм сезу рецепторлары — адамдардағыдай тілде емес, аяқтарында орналасқан. Ол гүлге қонбай жатып-ақ шырынның құрамын анықтап, әрі қарай не істеу керегін шешеді. Табиғаттың ең нәзік жаратылысы – сезімталдық жағынан ең зерек жәндіктердің бірі.