Қазақстан • Бүгін, 10:01

Ел дәрігерлері Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға қатысып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған елде магнитудасы 6,3 болған қатты жер сілкінісі (3 қараша) болғаны мәлім. Апаттан зардап шеккен ел тұрғындарғы Қазақстан медициналық және гуманитарлық көмегін көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz, деп жазады Egemen.kz.

Ел дәрігерлері Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға қатысып жатыр

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Президенттің тапсырмасымен өткен аптада мемлекеттік резервтен дәрі-дәрмектер, хирургиялық құралдар, таңғыштар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті ресурстар, яғни, гуманитарлық жүк жеткізілді. Сол кездерде медициналық бригада да жіберілді.

Мамандар жергілікті дәрігерлерге пациенттерді орналастыруға, хирургиялық емшаралар кезегін жоспарлауға, бірлескен талдаулар жүргізуге және ең қиын жағдайларда көмекке келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан дәрігерлері ондаған консультациялар өткізіп, зерттеп-қарап, оталар жасады.

Денсаулық сақтау министрілігі дәрігерлер бригадасы үздік мамандардан жасақталғанын жеткізді. Олардың ішінде академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығынан О.Бекарысов, Д.Ғалым, А.Долгов, Р.Әбілов, Б.Тұрлыбеков сынды дәрігерлер бар. Сонымен қатар ұлттық нейрохирургия орталығынан С.Карібай, Н.Әшіров, А.Қадыров болса, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан А.Сатыбалдин, С.Нұртазин, Р. Сәлімов, А.Қыдырбаев, Г.Түсіпбеков медициналық көмек көрсетіп жатыр.